Астанада қысқы спорт маусымы ашылды
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 375.95
EUR 425.8
CNY 55.94
RUB 5.74

Астанада қысқы спорт маусымы ашылды

5 желтоқсан 2016 ж 09:06 , Астана
ФОТО: astana.gov.kz

Кеше елордада қысқы спорт маусымы ашылды. Шаңғы жарысына 270 адам қатысты. Астана қаласының спорт басқармасы Спорттық-бұқаралық шаралар өткізу дирекциясымен және №2 БЖСМ бірлесіп ұйымдастырған шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


«1985 жылы ашылған шаңғы роллерлік трасса – спортшылар ұнататын орын. Мұнда жазда велосипедшілер мен роллерлер, ал қыста шаңғшылар жиналады. Дәстүр бойынша шаңғы-роллерлік трассада қысқы маусым шаңғы жарысымен ашылады. Биылғы алғашқы жарысқа қатысушылардың жасы әр түрлі, балалар да, ардагерлер де бар», – деді Спорттық-бұқаралық шаралар өткізу дирекциясының басшысы Сайрамбек Әбілқайыров.  

Қатысушылардың жас санатына қарай жүгіру қашықтығы да әртүрлі – 9 жастан асқан балалар үшін – 60 м, 2001-2002 ж.т. үшін – 3-5 км, ересектер үшін – 10 км.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.