«Хабар» арнасы Пакьяо-Варгас жекпе-жегін көрсетеді
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 371.31
EUR 419.32
CNY 53.83
RUB 5.59

«Хабар» арнасы Пакьяо-Варгас жекпе-жегін көрсетеді

4 қараша 2016 ж 13:06 , Варгас, Мэнни Пакьяо
ФОТО: Fightnews.info

6 қараша күні «Хабар» телеарнасы Мэнни Пакьяо мен Джесси Варгас арасындағы жекпе-жекті көрсетеді. WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін таласатын боксшылардың кездесуін Астана уақытымен таңғы сағат 09:00-де тамашалай аласыздар, деп хабарлайды BNews.kz.


Жекпе-жек АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласында «Thomas & Mack Center» спорт аренасында өтеді.  

«Пакьяо мен Варгас – заманауи боксқа атсалысып келе жатқан бүкіл әлемге кеңінен танымал боксшылар. Біздің көрермендеріміз әлемдік деңгейдегі жекпе-жекті тамашалай алады. Талантты боксшылардың кәсіби шеберлігін толыққанды бағалап, трансляциядан ләззат алады деген үміттеміз», - дейді  «Хабар» телеарнасының спорт продюсері Асқат Жақаев.

Мэнни Пакьяо – 37 жастағы филиппиндік боксшы, 8 салмақ дәрежесінде 9 дүркін әлем чемпионы. Осы жылдың 9 сәуірінде Тимоти Брэдлимен өткізген жекпе-жегінен кейін спорт мансабын аяқтайтынын айтқан болатын. Алайда тамыз айында боксқа қайта оралғанын, Джесси Варгаспен қолғап түйістіретінін хабарлады. 2016 жылдың мамыр айында Филиппин Сенатына сайланды. Спортшының лақап аты – «Pac-man». 

«Мен әр қарсыласымды сыйлаймын және бар назарымды соларға аударамын. Джессиді құрметтеймін, сол себепті көп жаттықтым. Бұл жекпе-жек спорттық мансабымның қай бағытта дамитынын айқындайтындықтан, мен үшін өте маңызды. Қарсыласымды айқын басымдықпен жеңуім керек» - деді Пакьяо.

Джесси Варгас – 27 жастағы америкалық боксшы, жартылай орта салмақта WBO чемпионы. Варгас 28 кездесу өткізіп, біреуінде ғана жеңіліс тапты. Лақап аты – «The New Generation» («Жаңа ұрпақ»). Жас айырмашылығының үлкендігіне қарамастан, Джесси Варгас өзінің жеңісіне сенімді: «Мен осы сәтке ұзақ дайындалдым. Жекпе-жек жайлы күн сайын ұйқыдан тұрғанда және ұйқыға жатар алдында ойлаймын. Менің командам керемет, бәрі ойдағыдай болып жатыр».