Қазпошта Рио Олимпиадасының жүлдегерлеріне арнап пошта маркаларын шығарды (ФОТО)
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 377.62
EUR 426.03
CNY 55.78
RUB 5.67

Қазпошта Рио Олимпиадасының жүлдегерлеріне арнап пошта маркаларын шығарды (ФОТО)

16 қараша 2016 ж 19:26

«Қазпошта» АҚ ҚР Ұлттық Олимпиадалық Комитетімен бірлесіп, «Спорт» топтамасындағы «Рио-де-Жанейродағы XXXI-ші Олимпиадалық ойындар» тақырыбындағы маркаларды пошталық айналымға шығарды, деп хабарлайды BNews.kz.


Маркаларға мөр басу салтанатына Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жүлдегерлері, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілдері, ҚР Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің өкілдері, «Қазпошта» АҚ өкілдері және филателистер қатысады.

«Төрт жыл сайын қазақстандықтар Олимпиада ойындарындағы біздің атлеттеріміздің жеңісін тілеп, жұдырықтарын қыса медальдарды күтеді. Спортшыларымыздың жеңісіне сенген халықтың ниеті үнемі ақталады. Біздің жеңімпаздарымыздың құрметіне маркаларды шығаруды жоспарлап, реттеушілерге жібердік. Жалпы, спортшыларға арналған маркаларды осыған дейін де шығарғанбыз. Алдында Геннадий Головкинге арналған маркалық блокты айналымға енгіздік», – дейді «Қазпошта» АҚ атқарушы директоры Әсет Тұрысов.

«Біздің спортшыларымызды қолдағаны үшін «Қазпошта» АҚ-ға алғыс айтқымыз келеді. Атлеттеріміздің жетістіктеріне арнап пошта маркаларын шығару тек біз үшін емес, сонымен қатар, барлық қазақстандықтар үшін маңызды. Жүлдегерлеріміздің еңбекқорлығымен және мақсаткерлігімен келген Рио-де-Жанейродағы жеңістер отандастарымыздың мақтанышы», – дейді ҚР Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің атқарушы директоры Серік Қасқабасов.

Пошта маркаларының бетінде бейнеленген 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен XXXI-ші Олимпиада ойындарының алтын және күміс жүлдегерлері:

- 2016 жылғы Олимпиаданың бокстан чемпионы – Данияр Елеусінов;

- 2016 жылғы Олимпиаданың жүзуден чемпионы – Дмитрий Баландин;

- 2016 жылғы Олимпиаданың ауыр атлетикадан чемпионы – Нижат Рахимов;

- 2016 жылғы Олимпиаданың әйелдер арасындағы күрестен күміс жүлдегері және 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері – Гузель Манюрова;

- 2016 жылғы Олимпиаданың ауыр атлетикадан күміс жүлдегері – Жазира Жаппарқұл;

- 2016 жылғы Олимпиаданың бокстан күміс жүлдегері – Василий Левит;

- 2016 жылғы Олимпиаданың дзюдодан күміс жүлдегері – Елдос Сметов;

- 2012 және 2016 жылғы Олимпиадалардың бокстан күміс жүлдегері – Әділбек Ниязымбетов.

Маркалар 4 бояулы офсетті тәсілмен басылған, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі – маркалы парақ. Парақтың өлшемі 140 х 120 мм. Марканың өлшемі 28 х 40 мм. Парақта 8 (сегіз) марка. Таралымы – 40 000 дана. Суретші К. Плужникова. Белгіленген бағасы 200 теңге. Пошталық маркалар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.

XXXI-ші Олимпиада ойындары 5 маусым мен 21 тамыз арасында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтті. Қазақстандық спортшылар 17 медальға ие болып, Қазақстан Республикасын 22-орынға шығарды.