Василий Левит әлеуметтік жарнамаға түсті
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 377.62
EUR 426.03
CNY 55.78
RUB 5.67

Василий Левит әлеуметтік жарнамаға түсті

7 қараша 2016 ж 11:39 , Астана
ФОТО: Қазақстанның бокс федерациясы баспасөз қызметі

Рио олимпиадасының жүлдегері, боксшы Василий Левит «Отбасыңды қорға» кампаниясына жарнамасына түсті, деп хабарлайды BNews.kz


Қазақстан бокс федерациясы және «Касперский зертханасы» компаниясы Василий «Отбасыңды қорға» кампаниясының жарнамасына қатысады деп келіскен. Ол Астана мен Алматыда өтетін бірнеше шараның ақпарат материалдарын тарататын жарнама болады. Боксшы суреті фирмалық тауарлардың қаптамасында орналасады, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

«Мен үшін мұндай жобаға қатысу және өзің мен жақындарыңды қалай қорғау керектігі туралы айту қызық болып тұр. Қауіпсіздікті қамтамасыз еткенге не жетсін? «Касперский зертханысының» арқасында әрбір қазақстандық қоғанудың бірнеше жолын меңгере алады» – деді Левит.

Василий Левит қатысқан фотосессия аяқталды. Енді еліміздің дүкендері мен көшелерінде, интернет желілерінде Василий Левиттің ерекше суреттерін көре аламыз.