Станимир Стойлов: Ертең есе қайтаруға тырысамыз
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 369.35
EUR 421.47
CNY 53.45
RUB 5.57

Станимир Стойлов: Ертең есе қайтаруға тырысамыз

2 қараша 2016 ж 19:01 , Астана
ФОТО: Бауыржан Жуасбаев

Ертең футболдан Еуропа лигасы аясында «Астана» мен Грекияның «Олимпиакос» командалары кездеседі. Бүгін осы ойынның алдында «Астана» командасының бас бапкері Станимир Стойлов баспасөз мәжілісін өткізіп, журналистердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


«Өте қиын ойын болады. Барлық күшті салып ойнау керектігін шәкірттерім жақсы түсінеді. «Олимпиакос» – біздің топтың көшбасшыларының бірі. Біз сырт алаңда бұл командадан ұтылып қалғанбыз. Енді есе қайтаруды көздейміз. Ең бастысы жауапкершілікті сезініп, жинақы ойнауымыз керек», – дейді Станимир Стойлов.

Бас бапкер команда сапында жарақат алған ойыншылар мен ертеңгі матчқа қатыса алмайтындар туралы айтып өтті.

«Өкінішке қарай, жыл соңына қарай көп ойыншылар жарақат алды. Шитов алаңға шығуға дайын. Бірақ жағдайы қандай екені әзірге белгісіз. Клубтың дәрігері сондай-ақ Нөсербаевтың денсаулығында проблема бар екенін айтты. Сондай-ақ Марин Аничич те толық дайын емес. Қазір негізгі құрамнан 10 футболшы ғана кездесуге толық дайын. Қалғаны жас футболшылар. Амал жоқ, үш бірдей жарыста осы ойыншылармен ойнауға тура келеді», – дейді ол.

Грекияда команданың негізгі ойыншыларының бірі Рохер Каньяс жарақат алған. «Астана» бапкері колумбиялық легионердің орнын кім басатыны туралы да айта кетті.

«Рохердің орнына қапталда өнер көрсетіп жүрген Абзал Бейсебековті шығарамыз ба деген жоспар бар. Қазір әр түрлі тактикаларды ойластырып жатырмыз. Барлығын ертең көресіздер», – дейді болгариялық маман.