Ванкувер Олимпиадасының да допинг сынамалары қайта қаралады
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 377.62
EUR 426.03
CNY 55.78
RUB 5.67

Ванкувер Олимпиадасының да допинг сынамалары қайта қаралады

9 желтоқсан 2016 ж 15:55

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2017 жылы Ванкувер қысқы Олимпиадасының (2010 жыл) допинг сынамаларын қайта қарайтын болады. Бұл туралы ХОК департаментінің басшысы Ричард Баджетт мәлімдеді, деп хабарлайды Massaget.kz.


Осыған дейін Ричард Баджетт 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының допинг сынамалары толықтай қайта қаралып болғанын, ал 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадаға қатысқан спортшылардың сынамалары әлі тексеріліп жатқанын айтқан еді.

Айта кетейік, Канаданың Ванкувер қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 37 спортшы қатысқан. Биатлоннан жекелей сында Елена Хрусталева күміс жүлдегер атанған болатын.