2017 жылғы қысқы Универсиадаға 64 ел қатысады
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 375.95
EUR 425.8
CNY 55.94
RUB 5.74

2017 жылғы қысқы Универсиадаға 64 ел қатысады

6 сәуір 2016 ж 13:15 , Алматы

2017 жылғы Универсиаданың www.almaty2017.com сайтында жүргізілген аккредитацияның бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша, 64 елдің студенттік спорт федерациялары ресми өтініш жіберген.


Қатысушы мемлекеттер (FISU классификаторы бойынша):

Еуропа: Германия, Швейцария, Норвегия, Ұлыбритания, Франция, Латвия, Польша, Ресей, Словакия, Италия, Швеция, Грузия, Австрия, Венгрия, Финляндия, Чехия, Түркия, Украина, Испания, Словения, Беларусь, Хорватия, Эстония, Румыния, Македония, Босния және Герцеговина, Болгария, Әзербайжан, Сербия, Литва, Армения, Нидерланды, Бельгия, Португалия, Израиль, Черногория.

Америка: АҚШ, Канада, Бразилия, Аргентина, Чили.

Азия: Жапония, Қытай, Қазақстан, Корея Республикасы, Моңғолия, Ауғанстан, Қытай Тайпэйі, Түрікменстан, Тайланд, Қырғызстан, Ливан, Гонконг (Қытай), Тәжікстан, БАӘ, Пәкістан, Иран, Непал.

Африка: Оңтүстік-Африка Республикасы, Уганда, Мадагаскар, Гамбия.

Мұхит: Австралия, Жаңа Зеландия.

Айта кетейік, 2007 жылы Италияның Турин қаласында өткен қысқы Универсиадаға 48 ел қатысқан. Ал, 2011 жылы Түркияның Эрзурум қаласында өткен ойындарда – 52 ел, Трентино (Италия) – 50 ел, Гранада, Штрбске-Плесо (Испания, Словакия) – 42 ел қатысты.

Дереккөз: kazsport.kaztrk.kz