2017 жылғы Универсиада: Хоккейден қарсылас командалар белгілі болды
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 377.62
EUR 426.03
CNY 55.78
RUB 5.67

2017 жылғы Универсиада: Хоккейден қарсылас командалар белгілі болды

26 қыркүйек 2016 ж 20:33

2017 жылғы Универсиадаға қатысатын хоккейден ерлер және әйелдер құрамасы арасында қарсылас командалар анықталды. Бүгін делегация басшыларының кездесуі барысында жеребе тартылды, деп хабарлайды BNews.kz.


Универсиадаға 12 ерлер және 7 әйелдер командасы қатысады. Нәзік жандылардың құрамасы екі топқа, ал жігіттер үш топқа бөлінді. Қазақстан ұйымдастырушы ел ретінде «А» тобына орналасты. Біздің құрама топтық кезеңде Чехия, Швеция және Қытаймен кездеседі. Ал қыздарымызға Канада, Қытай және Ұлыбритания қарсылас болады.

Шайбалы хоккейден Қазақстан федерациясының бас хатшысы Глеб Қаратаевтың айтуынша, Универсиадаға қатысушы командалардың ішінде осалы жоқ, бәрі шетінен мықты. Сондықтан, командамыз өз мүмкіндігін толықтай көрсетуі керек.

«Қарсыластарымыз – өз елдерінің мықты құрамасы. Басқа командамен бір топқа түссек те, бәрібір оңай қарсылас болмас еді. Жарыс өз жерімізде өтетіндіктен, жоғары дәрежеде ойнауымыз керек», - деді бас хатшы.