2017 жылғы Универсиадаға 3 мың ерікті тартылмақ
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 377.62
EUR 426.03
CNY 55.78
RUB 5.67

2017 жылғы Универсиадаға 3 мың ерікті тартылмақ

16 тамыз 2016 ж 16:21 , Астана
ФОТО: almaty2017.com

2017 жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға 3 мың ерікті тартылмақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Универсиада-2017» дирекциясының басшысы Наиль Нуров айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.   


«Универсиаданы ұйымдастыруға 3 мың ерікті тартылады. Жарыстар кезінде еріктілер 30-дан астам функционалдық бағытта қызмет атқарады. Олар Алматыға келетін спортшыларға, бапкерлерге, делегаттар мен туристерге қажетті қызмет түрін ұсынады. Қыркүйек айында ЖОО студенттері арасында еріктілерді іріктеу басталады. Іріктеу аяқталған соң, қазан айынан 2017 жылдың қаңтарына дейін еріктілерге арналған оқыту семинарлары мен тренингтер өтеді. Алматы қаласының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында ІІД, ТЖД және медицина қызметкерлеріне тегін ағылшын тілі курсы ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда 600 адам оқытылды. Жалпы алғанда 2 мың қызметкерге ағылшын тілінің  негізгі қағидаларын үйрету жоспарланған», – дейді ол. 

Қысқы Универсиада дирекциясы басшысының айтуынша, аталмыш спорттық шараға қатысуға 58 мемлекет өтініш берген.

«Универсиадаға 12 спорт түрінен 2000-нан астам спортшы қатысады. Қазіргі таңда 58 ел жарысқа қатысу үшін ресми түрде тіркелді. Универсиада басталғанша, 4 тестілік шара ұйымдастырылып, нысандар сынақтан өткізіледі. Универсиадаға 127 халықаралық төреші, 600-ге жуық ұлттық теникалық маман жұмылдырылады. Жарыс уақытында Универсиада барысына онлайн-режимде мониторинг жасайтын Ойындарды басқару орталығы жұмыс істейді», – дейді Н.Нуров.

Айта кетейік, Қазақстан Универсиада ойындарына 1993 жылдан бері қатыса бастады. Осы жылдар аралығында 700-ден астам спортшымыз бақ сынап, 125 жүлде жеңіп алған. Алматыдағы қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтеді.