50-ден аса мемлекет қысқы Универсиадаға қатысатынын растады
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 377.62
EUR 426.03
CNY 55.78
RUB 5.67

50-ден аса мемлекет қысқы Универсиадаға қатысатынын растады

22 шілде 2016 ж 17:57 , Алматы
ФОТО: www.express-k.kz

Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға 200 күндей қалды. 50-ден астам мемлекет жарысқа қатысатынын растады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.


«Қазіргі таңда 2 мыңға жуық атлет қатысады деп күтілуде, 50-ден аса мемлекет байрақты бәсекеде бақ сынайтынын растады. Шын мәнісінде аккредитация айтарлықтай ұзақ кезең, сондықтан жарыс басталғанға дейін созылуы да мүмкін. Біреулер тіркеліп, енді бірі қатысудан бас тартуы да ықтимал. Дегенмен қыркүйек айында соңғы тізім дайын болады деп үміттенеміз», - деп мәлімдеді Универсиада-2017 дайындық және өткізу дирекциясының баспасөз қызметінен.

Естеріңізге салып өтсек, мұның алдында дирекция басшысы Наиль Нұров Алматы әлемнің 64 елінен 5 мың спортшыны қабылдауға әзір екенін мәлімдеген болатын.