Алматы әкімі өзбек спортшыларын 2017 жылы өтетін Универсиадаға қатысуға шақырды
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 375.95
EUR 425.8
CNY 55.94
RUB 5.74

Алматы әкімі өзбек спортшыларын 2017 жылы өтетін Универсиадаға қатысуға шақырды

11 қараша 2016 ж 16:50 , Алматы
ФОТО: Kursiv.kz

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Икром Назаровты қабылдады. Кездесу барысында мегаполис әкімі өзбекстандық спортшыларды 2017 жылы өтетін Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға қатысуға шақырды, деп хабарлайды BNews.kz.


«Универсиада - Олимпиададан кейінгі ірі спорттық оқиға. Қазірдің өзінде ойынға қатысуға 57 ел өз өтінімдерін берді, бұл - ойын тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Біз заманауи инфрақұрылым қалыптастырдық, Алматыны спорттың қысқы түрлерінің орталығына айналдыруды қалаймыз. Бүкіләлемдік студенттік ойындар - әлем жастарына қаламыздың туристік әлеуетін көрсетудің жақсы мүмкіндігі», - деп атап өтті Б.Байбек.

Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі күшейту мәселелерін талқылады. Мегаполис әкімі Алматыда 137 біріккен кәсіпорындардың жұмыс істейтіндігін, өткен жылы тауар айналымының 42%-ды құрағанын айтты.

«Алматы - еліміздің ірі мегаполисі, бизнес пен шикізатсыз экономикасы бар жеке капитал қаласы. Биыл қала нарығына 10 -нан астам транс ұлттық компани ялар енді. Өзбек тарапымен азық- түлік саласындағы байланыстың әлеуеті жоғары. Бұл нарық миллиардқа жуық долларды құрап отыр», - деді әкім.

Өз кезегінде Қазақстандағы Өзбекстан Елшісі Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған бір үйдің подъезіне өзбекстандық тұрмыстық техниканы қоюды ұсынды. Бұдан өзге Универсиада кезінде көлік қызметін көрсету үшін өзбектің бірнеше автобус-шатлдарының берілетіндігі де айтылды.

«Осылайша, алматылықтар бізде шығарылған өнімдер сапасын бағалай алады. Біз жылына теріден жасалған 18 млн. жұп аяқкиімдер шығарамыз, сонымен қатар бірлескен өндірісті қолға алып, Алматыда сауда үйін ашуды жоспарлап отырмыз», - деді И.Назаров.