Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға 54 мемлекет тіркелген
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 377.62
EUR 426.03
CNY 55.78
RUB 5.67

Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға 54 мемлекет тіркелген

9 наурыз 2016 ж 10:44 , Алматы
ФОТО: vk.com

5 наурыздағы мәлімет бойынша, Алматыда келер жылы жалауын желбірететін қысқы Универсиада жарыстарына 54 мемлекет тіркелген.


«2011 жылы Эрзурумда өткен Халықаралық студенттер ойынына әлемнің 52 мемлекеті қатысқан болатын. Алматыдағы қысқы Универсиадада 55 елден 2 мыңға тарта спортшы бақ сынайды деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда онлайн-тіркеуге 54 ел кіріп отыр», - деп мәлім етті Брюссельде өткен Халықаралық студенттер спорты федерациясы (FISU) атқарушы комитетінің отырысында алдағы жарысқа дайындық аясында атқарылып жатқан жұмыс туралы аралық есепті таныстырған Универсиадаға дайындық және өткізу жөніндегі дирекцияның басшысы Әсет Әбдуәлиев.

Ә.Әбдуәлиевтің сөзі Алматы халықаралық спорттық жобалар дирекциясының сенбі күні таратылған хабарламасында да келтірілген.

2007 жылы Туринде (Италия) өткен қысқы Универсиадаға 48 ел, 2009 жылы Харбинде (Қытай) – 44, 2011 жылы Эрзурумда (Түркия) – 52, 2013 жылы Трентино (Италия) – 50, Гранадада (Испания) 41 мемлекет қатысқан. Универсиадаға қатысатын елдерді тіркеу биылғы жылдың 29 наурызына дейін созылады, деп хабарлайды Ustinka.kz.

Биыл Универсиада нысандарын сынақтан өткізу үшін 7 іс-шара жоспарланған. Ә.Әбдуәлиев Универсиада үшін салынып жатқан нысандар 60 пайызға дайын екенін атап өтті.

Өз кезегінде FISU президенті Олег Матыцин ұйымдастыру комитетінің жұмысына оң бағасын беріп, жарыстың сәтті өтетініне сенімділік білдірді.

«Бүгін 54 елдің қысқы Универсиадаға қатысуға ниет білдіріп отырғанын естідік. Халықаралық студенттер спорты федерациясы үшін бұл, әрине, қысқы универсиадалар тарихындағы жаңа рекорд. Атқарылатын шаруа әлі де көп, алайда Универсиаданың сәтті өтетініне сенімдімін. Ұйымдастыру комитетінде еңбектеніп жатқан адамдар өз жұмысына жауапты, тыңғылықты екенін байқап отырмыз», - деп атап өтті О.Матыцин.