Алматыдағы мұз айдыны аренасының атауы 5 жылға жалға берілді
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 377.62
EUR 426.03
CNY 55.78
RUB 5.67

Алматыдағы мұз айдыны аренасының атауы 5 жылға жалға берілді

14 сәуір 2016 ж 14:36 , Алматы
ФОТО: www.sports.kz

 «Халық банк» Алматыдағы үш мың орындық мұз айдыны аренасының атауын 5 жылға жалға алды. Бұл туралы журналистермен өткен кездесуде Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наиль Нұров мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.


«Енді Мұз айдыны аренасы «Халық арена» деп аталатын болады. Біз бес жылға келісімшарт бекіттік, оған сәйкес атаудың құны жыл сайын аренаны күтіп-ұстауға жұмсалатын шығынның төрттен бірін өтеп отырады. Келешекте банктің қамқорлығына біздің хоккей командасын да бергіміз келеді. 12 мыңдық стадион бойынша мәселе әлі қаралады», - деді Нұров.

Ол Универсиада нысандарының басты мәселесі – оларды өз шығынын өзі өтеуге көшіру екенін атап өтті. Мәселен, Универсиададан кейін бірден кесте құрылып, Алматы тұрғындары мен командалардың бір-біріне кедергі келтірмей жаттығуына мүмкіндік жасалады. Сондай-ақ нысандарды азаматтардың барлық санатына қолжетімді ету үшін баға саясаты қаралады.