Непалда Алматыда өтетін Универсиада туралы сөз болды
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 377.62
EUR 426.03
CNY 55.78
RUB 5.67

Непалда Алматыда өтетін Универсиада туралы сөз болды

28 шілде 2016 ж 16:36 , Астана
ФОТО: ҚР Спорт баспасөзі қауымдастығы

Непал астанасы Катмандуда Азияның спорт баспасөзі одағы Атқарушы комитетінің (EC ASPU) екінші отырысы өтті. Шараға Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығының президенті (ҚСБҚ) Ілияс Омаров та қатысты, деп хабарлайды BNews.kz.


Отырысқа жиналғандар қазіргі спорт журналистикасының өзекті мәселелерін қозғады. Әсіресе санаулы күндерден кейін жалауын желбірететін Рио Олимпиадасына ерекше көңіл бөлінді. Алдағы Олимпиада ойындары алаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, медиа-нысандарды дайындау, ақпарат таратуда әдеп нормаларын сақтау, қазіргі сын-қатерлерге қарсы күресте БАҚ-тың алатын орны секілді мәселелер қаралды, деп хабарлайды ҚР Спорт баспасөзі қауымдастығы.

EC ASPU отырысына қатысқандарды Непал президенті Бидхья Деви Бхандари өз резиденциясында қабылдады. Шетелдік қонақтарға отырысқа қатысқаны үшін алғыс айтқан президент ел үшін мұндай кездесудің маңызы зор екенін атап өтіп, спорт журналистикасының халықаралық маңыздылығына  тоқталды.

EC ASPU мүшелерімен бірлескен диалог барысында ҚСБҚ басшысы І.Омаров елдегі  ірі іс-шаралар, Алматыда өтетін қысқы Универсиада мен ЭСКПО көрмесі туралы айтып, Непал тарапын халықаралық көрмеге шақырды.

EC ASPU келесі отырысы 2017 жылдың бірінші жартысына жоспарланып отыр. Отырысты өткізуге үміткерлер қатарында Үндістан, Малайзия, Макао, Пәкістан, Палестинамен бірге біздің елдің де кандидатурасы қарастырылуда.