Композитор Ислам Рахымжанов Универсиада композициясының авторы атанды
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 377.62
EUR 426.03
CNY 55.78
RUB 5.67

Композитор Ислам Рахымжанов Универсиада композициясының авторы атанды

21 қазан 2016 ж 18:58 , Алматы
ФОТО: Айгүл Мұхамбетова

Алматыда өтетін 2017 жылғы универсиаданың басталуына 100 күн қалды. Бүгін осыған орай ұйымдастырылған шара барысында универсиаданың басты әні таныстырылды, деп хабарлайды BNews.kz.


Қазақстандық композитор Ислам Рахымжанов универсиаданың басты әнінің авторы және орындаушысы атанды. Ол «Алтын Граммафон» премиясының үш дүркін лауреаты және «Жыл әні» телевизиялық фестивалінде екі рет лауреат атанған. Салтанатты концертте әнді Нұрлан Абдуллин, Лорен және автордың өзі орындады.

«Біз – осы қаланың тұрғыны болғандықтан бақыттымыз. Мұндай әндерді жазып, қала халқын жақсылық пен ізгілікке шақыруымыз керек. Осы арқылы қаланың тарихы жазылады. Бұл – шынайы, ақ жүректен шыққан ән», –  деді композицияның авторы Ислам Рахымжанов.