Неміс спортшылары 2017 жылғы Универсиаданы асыға күтіп жүр
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 377.62
EUR 426.03
CNY 55.78
RUB 5.67

Неміс спортшылары 2017 жылғы Универсиаданы асыға күтіп жүр

30 наурыз 2016 ж 18:38 , Алматы
ФОТО: Allgemeiner Deutscher Hochschulsportverband

Неміс спортшылары Алматыда 2017 жылы өтетін Универсиадаға қызу дайындалып жатыр. Келер жылы Германиядан байрақты бәсекеге құраманың 60-қа жуық мүшесі келеді, деп хабарлайды BNews.kz  Универсиада дирекциясына сілтеме жасап.


«Алматының қысқы спорт тарихы өте бай. Германияның студент-спортшылары мен өкілдері Алматыға келуді асыға күтіп жүр. Біз халықаралық деңгейі жоғары спорт нысандарының Алматыда бой көтергеніне қуаныштымыз», - деп атап өтті Германия Ұлттық студенттер федерациясының спорт директоры Торстен Хютч.

Атлетика ауылы мен спорт нысандарының бір-біріне жақын орналасқаны шетелдік қонақтардың қызығушылығын туғызып отыр. Қазір спортшылар алдағы сынға қызу дайындық үстінде.

«Ең жас саңлақтарымыз 2015/2016 қысқы маусымда бақ сынап, тәжірибе жинақтауға тырысып жүр. Олардың кейбірі B-World-Cup жарыстарында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Көбісі Алматыда өтетін Универсиадада ел намысын қорғаудан үмітті», - деп мәлімдеді Германия студенттер спорт федерациясынан.

Федерацияның ақпаратынша, Алматыдағы дүбірлі додаға 50-60 тарта неміс спортшысы қатыспақ.