Н.Нуров: Универсиаданы өткізуге 17 млрд теңге бөлінді
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 377.62
EUR 426.03
CNY 55.78
RUB 5.67

Н.Нуров: Универсиаданы өткізуге 17 млрд теңге бөлінді

16 тамыз 2016 ж 15:32 , Астана

2017 жылы Алматыда өтетін Универсиаданың бюджеті 17 млрд теңгені құрап отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Универсиада-2017» дирекциясының басшысы Наиль Нуров айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.   


«Келесі жылы Алматы қаласында Дүниежүзілік қысқы Универсиада өтеді. Универсиада 50 жылдан астам уақыт бойы Олимпиада ойындарынан кейінгі екінші ірі халықаралық дода болып есептеледі. Сайысқа ЖОО-да оқитын 17 мен 28 жас аралығындағы студенттер, аспиранттар, докторанттар қатыса алады. Алматыдағы Универсиада 8 спорт кешенінде өтеді. Оның екеуі – жаңадан бой көтеріп жатқан нысандар. Олар: 3 мың орындық Мұз аренасы мен 12 мың орынға арналған Мұз сарайы. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Универсиада кезінде 5000 адам еркін жүріп-тұратын Атлетикалық қалашық салынып жатыр. Ол жақында пайдаланылуға беріледі»,  - дейді Н.Нуров.

Оның айтуынша, 2017 жылғы Универсиаданы өткізуге бюджеттен 17 млрд теңге қарастырылды

«Универсиаданы өткізуге бюджеттен бөлінген 32 млрд теңге өткен жылы 17 млрд теңгеге дейін қысқарды. Біздің Универсиада шығыны аз дода болмақ. Мысалы 2011 жылы Түркиядағы Универсиадаға 83 млн еуро жұмсалған»,- дейді дайындық жөніндегі дирекцияның басшысы.

Айта кетейік, Қазақстан Универсиада ойындарына 1993 жылдан бастап қатыса бастады. Осы жылдар аралығында 700-ден астам спортшымыз бақ сынап, 125 жүлде жеңіп алған. Алматыдағы қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтеді.