Нұрсұлтан Назарбаев: Универсиадаға дайындықты жоғары деңгейде өткізу қажет
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 377.62
EUR 426.03
CNY 55.78
RUB 5.67

Нұрсұлтан Назарбаев: Универсиадаға дайындықты жоғары деңгейде өткізу қажет

26 тамыз 2016 ж 18:07 , Астана
ФОТО: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

2017 жылы Алматыда өтетін XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиада ойындарына дайындықты сапалы жүргізу қажет. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ХХХІ жазғы Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдергерлеріне құрмет көрсету салтанатында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.


«Біздің еліміз халықаралық жарыстар өтетін орынға айналды. 2017 жылдың қаңтар айының соңында Алматыда XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиада ойындары өтеді. Бүгінгі күні дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде аяқтау маңызды. Барлығы жоспар бойынша жүргізілуде», - деді Н.Назарбаев.  

Президенттің айтуынша, бұл шара жас спортшылар үшін 2018 жылы Оңтүстік Кореяның  Пхёнчхан қаласында өтетін 23-ші қысқы Олимпиада ойындарына дайындық болып табылады.

«Мен бұл байрақты бәсекеде де қазақстандық спортшылар жеңіс маршын жалғастырады деген сенімдемін», - деп түйіндеді Елбасы.

Айта кетейік, бүгін Астанада Елбасының қатысуымен ХХХІ жазғы Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдергерлеріне құрмет көрсету салтанаты өтті. Шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев спортшыларға «Барыс», «Парасат» және «Құрмет» ордендерін тапсырды.