Ұлыбритания спортшылары Алматыда өтетін Универсиадаға дайындықты бастады (ФОТО)
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 377.62
EUR 426.03
CNY 55.78
RUB 5.67

Ұлыбритания спортшылары Алматыда өтетін Универсиадаға дайындықты бастады (ФОТО)

10 наурыз 2016 ж 19:49 , Алматы
ФОТО: Универсиада-2017 баспасөз қызметі

Ұлыбритания университеттері мен колледждері кеңесінің спортшылары Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға дайындықты бастады. Англия құрамасында 90-ға жуық адам болады. Алғашқы жаттығу жұмыстары университеттік ойындардан 1 жыл бұрын басталып отыр, деп хабарлайды BNews.kz.


«Қазір Универсиадаға қатысатын спортшылар іріктеліп жатыр. Сонымен қатар, Алматыда өтетін жарыстарға дайындыққа қолдау көрсетіп отырған Ұлыбританияның спорт федерацияларымен бірге жұмыс істеудеміз. 29 қаңтар күні ерлер арасындағы хоккей құрамасының алғашқы жаттығулары өтті. Яғни дайындықты Универсидаға дейін 1 жыл бұрын бастадық»,- деді Ұлыбритания университеттері мен колледждері кеңесінің өкілі Нил Роджерс.

Ұлыбританиядағы студенттік спорт қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, «Гранада (2015) және Трентинода (2013) өткен Универсиадалар Ұлыбританияға жақын орналасқан болатын. Ал Алматыдағы жарыстар британдық спортшылар үшін жаңа аймақ болғалы отыр». 

Сонымен қатар, олардың айтуынша, 2017 жылғы Универсиаданы ұйымдастыру комитеті Атлетикалық ауыл мен жаңа спорт нысандарына біраз инвестиция салған. Бұл да жарыстың мәртебесін өсіретін жағдай», - деп жазды Универсида баспасөз қызметінің өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда 2017 жылдың 29 қаңтарынан 8 ақпанына дейін Қысқы Универсиада өтеді. Бүгінгі таңда 55 мемлекет жарысқа қатысатынын растап отыр.