Универсиада-2017: Қысқы ойындардың бойтұмары мен медальдары бекітілді
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 375.95
EUR 425.8
CNY 55.94
RUB 5.74

Универсиада-2017: Қысқы ойындардың бойтұмары мен медальдары бекітілді

22 тамыз 2016 ж 18:15 , Алматы

Алматыда өтетін 2017 жылғы Универсиаданың бойтұмары мен медальдары бектілді. Универсиаданы ұйымдастыру комитетінің отырысында қысқы ойындар дирекциясының басшысы Наиль Нуров жарыстың бойтұмары «Сұңқар» құсы жаңа үлгіде жасалғанын алға тартты, деп хабарлайды Bnews.kz.


«Әуел баста қысқы Универсиаданың бойтұмары ретінде сұңқар құсы таңдалған болатын. Алайда бастапқы үлгілер көңілден шықпаған соң, жаңа үлгісін жасап шығаруды ұйғардық. Бұл «Сұңқардың» біз жасаған үшінші үлгісі. Осы жолы оның басына қазақтың ойын-өрнегі бар малақай кигіздік»,-дейді Н. Нуров.

Сондай-ақ, 2017 жылғы қысқы Универсиада баспасөз қызметінің мәліметінше, Наиль Нуров студенттер ойынының алауы бір жерде ғана емес, еліміздің барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қаласындағы 19 ЖОО-ның қабырғасында саланатты түрде жағылатынын айтты. Кейіннен барлық алаулар бір жерде тоғысып, Алматыда өтетін жарыстың ашылу салтанатында үлкен алауға айналмақ. Эстафета алауы 2-ші қаңтарда бастау алады.

Ұйымдастыру комитетінің отырысында мараппат медальдары да таныстырылды. Медаль классикалық үлгіде, металдан құйылған, алтын, күміс және қола түрінде жасалыпты. Медальдың алдыңғы бетінде Универсиада логотипі бейнеленген. Арғы бетінде FISU (Халықаралық студенттер спорты федерациясының) логотипі, Ойындар аты, өтетін жері орналасқан.