Универсиада кезінде лабораториялық диагностиканы қамтамасыз ететін компания белгілі болды
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 359
EUR 420.1
CNY 52.38
RUB 5.41

Универсиада кезінде лабораториялық диагностиканы қамтамасыз ететін компания белгілі болды

21 қараша 2016 ж 18:44 , Алматы
ФОТО: almaty2017.com

Халықаралық медициналық компания INVITRO және «2017 жылғы ХХVІІІ дүниежүзілік қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша дирекциясы» ынтымақтастық туралы екі жақты келісімге келді. Соның негізінде INVITRO компаниясы халықаралық жарыстардың ресми медициналық серіктесі атанды, деп хабарлайды BNews.kz.

 


Келісімнің негізінде Универсиада уақытында медициналық компания жарысқа қатысушыларды лабораториялық диагностикамен қамтамасыз етеді. Осы мақсатта медициналық компанияда 13 басты анализдерді құрайтын арнайы «INVITRO дені сау командасы» профилі жасалды.

Универсиада уақытында INVITRO компаниясы қатысушыларға кез-келген лабораториялық зерттеулерден өтуіне мүмкіндік береді. Бірақ, ол үшін дәрігердің рұқсаты қажет болады.

«ХХVІІІ дүниежүзілік қысқы Универсиада мен INVITRO компаниясының серіктесітігі ұйымдастыру тараптың қатысушыларға сапалы лабораториялық диганостикадан өткенін қалайтынын білдіреді», дейді INVITRO компаниясының бас директоры Александра Тимофеева.

Оның айтуынша, INVITRO-да барлық мүмкіндік бар. Яғни, заманауи жабдықтар, жоғарғы дәрежелі мамандар т.б. Бұдан бөлек, Универсиадаға арнайы жасалынған «Здоровая команда INVITRO» профилі бар.

Универсиаданың өткізу және ұйымдастыру дирекциясы директорының орынбасары Кәмила Луқпанова аталған серіктестіктің маңыздылығы туралы айтты.

«Универсиаданы ұйымдастыру комитеті ретінде спортшыларға бей-жай қарай алмаймыз, сондықтан олардың сапалы диагностикадан өткенін қалаймыз. Сондай-ақ, анализдер профилі Универсиаданың басты, әрі маңызды медициналық көмегі болады. Осы орайда, INVITRO бізге серіктес болғанына өте қуаныштымыз. Бұдан бөлек, ойындар уақытында Алматы қаласының 8 стационары медициналық көмек көрсетеді. Универсиадаға 30 жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылады»,деді Камила Луқпанова. 


Қатысты жаңалықтар: