Универсиада волонтерлеріне кезекті семинар-тренинг өткізілуде
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 377.62
EUR 426.03
CNY 55.78
RUB 5.67

Универсиада волонтерлеріне кезекті семинар-тренинг өткізілуде

8 желтоқсан 2016 ж 16:57 , Алматы
ФОТО: aksses.ru

Алматыда Универсиада волонтерлеріне (еріктілерге) шұғыл жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша семинар-тренинг өткізілуде, деп хабарлайды BNews.kz.


Еліміз үшін айтулы шара Универсиада ойындарының өтуіне аз ғана уақыт қалды. Бугінде спорттық шараға дайындық қызу жүргізілуде. Универсиада ойындарына қатысатын 3000-ға жуық волонтердің ішінен 200-і іріктеліп алынып, Алматы қаласында Оқу-клиникалық орталығында шұғыл жағдайда медициналық көмек көрсету бойынша дағдыларға машықтануда. Жүрек талмасы кезінде шұғыл көмек көрсету (жүрек-өкпе реанимациясы), жоғарғы тыныс жолдарында бөгде зат тұрып қалғанда, жарақат жағдайында, сыртқы қан кету жағдайында көмек көрсетудің тәсілдерін арнайы маманданған жоғары білікті нұсқаушылар симуляциялық технологияларды пайдалану арқылы оқытып жатыр.

Айта кетейік, мұндай тренингтерге осыған дейін жедел-жәрдем көліктерінің жүргізушілері, әуе компаниялардың бортсеріктері қатысқан болатын.

Волонтерлердің басым бөлігі Алматы қаласында орналасқан оқу орындардың студенттері.