Универсиадаға арналып пошта маркалары шығарылды
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 375.95
EUR 425.8
CNY 55.94
RUB 5.74

Универсиадаға арналып пошта маркалары шығарылды

8 желтоқсан 2016 ж 15:27 , Алматы

«Қазпочта» АҚ және Универсиада дирекциясы өзара серіктестік пен «Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежузілік қысқы Универсиада» тақырыбындағы арнайы пошталық марканың айналымға енгізілгенін хабарлайды.


Маркаға мөр басу салтанаты бүгін Универсиаданың «Алматы Арена» атты жаңа ғимаратында өтті. Іс-шара барысында «EMS-Kazpost» 2017 жылғы Универсиаданың ресми курьері болатындығы жарияланды.

Маркаға мөр басу салтанатына Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежузілік қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу Дирекциясының директордың орынбасары Қайрат Биекенов және «Казпочта» АҚ-ның «EMS-Kazpost» филиалының директоры Еркинбек Дускужанов қатысты.

«Бүгін біз 2017 жылдың Дүниежүзілік қысқы Универсиадасының ресми курьері «Қазпочта» АҚ-ның «EMS-Kazpost» филиалы болғанын қуана хабарлаймыз. Дирекциямыздың корреспонденциясын әлем бойынша ғана емес, сонымен қатар еліміздің кез-келген тұрғылықты мекеніне жеткізе алатын компанияны таңдау біз үшін өте маңызды. Алдымызда қойылған мақсаттарымызға «EMS-Kazpost» толығымен сейкес келеді. Сонымен қатар, бұл компания эстафета алауына керекті ірі габаритті жүкті тасымалдайды. «Қазпочта» арамыздағы серіктестіктің нәтижесінде, бүгін біз Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежузілік қысқы Универсиадаға арналып шығарылған пошталық маркаларға мөр басу салтанатының күәгерлеріміз. Айрықша іс-шараларға орай арнайы марка шығару, сол іс-шараның ел үшін маңыздылығын көрсетеді», - деді Универсиада Дирекциясының директордың орынбасары Қайрат Биекенов.

«Біз 2017-жылғы Универсиаданың ресми курьері болу ұсынысын қуана қабылдадық. Спорт дегеніміз - қозғалыс, жылдамдық және еңбекқорлық, осының барлығы біздің жұмысқа да ұқсас. Біздің қызметкерлеріміз сәлемдемелерді сапалы және барынша тез жеткізуге тырысып, ең үлкен жүлдеге, яғни клиенттің ризалығына күнделікті талпынады. Осы серіктестіктің барысында біз шет мемлекеттерге 1000-нан астам сәлемдемелерді жеткіземіз, ал Қазақстан бойынша 10 тонна шамасындағы ірі габаритті жүк тасымалдаймыз. Сонымен қатар, біз тауарлар мен басқа да құндылықтарды сақтауға арналған 500 шаршы метрлік қойманы пайдалануға береміз» - дейді «Казпочта» АҚ-ның «EMS-Kazpost» филиалының директоры Еркинбек Дускужанов.

«Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежузілік қысқы Универсиада» тақырыбындағы «Спорт» топтамасындағы пошталық блоктың маркасы 4 бояулы офсетті тәсілмен басылған, перфорациясы жақтаулы. Блоктың өлшемі 90 х 100 мм. Марканың өлшемі 28 х 40 мм. Таралымы – 7 500 блок. Суретші К. Плужникова. Белгіленген бағасы 300 теңге. Пошталық маркалар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.