Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаты қарапайым өтеді
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 377.62
EUR 426.03
CNY 55.78
RUB 5.67

Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаты қарапайым өтеді

22 тамыз 2016 ж 19:30 , Алматы

2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаты қарапайым өтеді. Бұл туралы Алматыда өткен кеңейтілген отырыста Универсиада дирекциясының директоры Наиль Нуров айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.


Н.Нуров Алматыдағы додаға дайындықтың қарқынды жүріп жатқанын тілге тиек ете отырып, жарыстың ашылу және жабылу салтанаттары қарапайым үлгіде өтетінін алға тартты.

Оның пікірінше, салтанатты шараларға шашылудың аса қажеті жоқ.

«Көпшіліктің ойынша, спорттық шаралардың ашылу және жабылу салтанаттарына шетелдік жұлдыздар шақырылып, қыруар ақша шашылады. Бірақ, ол мүлде олай емес. Салтанатты шараларды қарапайым ғана өткізуге болады. Бір ғана мысал, Рио-де Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына бұған дейінгі Олимпиадаларға қарағанда ең аз қаражат бөлінген. Бірақ, олар бұған қарамастан оны қызықты және әсерлі қылып өткізе алды. Біз де тура сондай ойдамыз. Алматыдағы Универсиадаға шетелден ешқандай жұлдыз немесе режиссер шақырылмайды. Бәрін өзіміздің отандық мамандар абыроймен өткізіп шықпақ»,- деді Н. Нуров.