Универсиаданың басты нысандарына ресми атаулары берілді
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 377.62
EUR 426.03
CNY 55.78
RUB 5.67

Универсиаданың басты нысандарына ресми атаулары берілді

22 тамыз 2016 ж 17:42

Алматы қаласында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның төрағалығымен 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы ұйымдастыру комитетінің кеңейтілген отырысы өтіп, Универсиада медалі мен бойтұмарының дизайны бектілді. Сондай-ақ, қысқы ойындардың басты нысандарына ресми атаулар берілді, деп хабарлайды BNews.kz.


Жиын барысында, Д.Назарбаева Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың өнеріне жоғарғы бағасын беріп, спорттық инфрақұрылымдардың салынуы, елдегі балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына оң ықпал ететінін атап өтті.

«Универсиада жобасының арқасында, Алматыда озық үлгідегі жаңа үш нысан бой көтерді. Жаңа инфрақұрылым, жаңа тұрғын үй кешендері, театрлар, көрме залдары, кинотеатрлар, Бұл аудандар адамдардың өмірі үшін жайлы бола бермек», - дейді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Өз кезегінде, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, FISU талабы мен Мемлекет басшысының бекітуімен Универсиаданың жаңа нысандарына атаулар берілгенін алға тартты. Бұдан былай, 12 мыңдық Мұз сарайы – «Алматы Арена» деп аталады. Ал 3 мың жанкүйер сыятын Мұз аренасы – «Халық Арена» деп аталады.

«Елбасының тапсырмасымен Универсиададан кейін кезекте тұрған 1748 азаматқа Атлеттер қалашығынан пәтерлер беріледі. Атлеттер тұратын бөлмелерге жиһаз бен тұрмыстық техника – 3700 мұздатқыш пен телевизор, 1750 кір жуғыш машина сатып алынып, жарыстан соң, қаладағы емханалар мен ауруханаларға, балабақшаларға бөліп беріледі. Универсиададан соң, Атлеттер қалашығында Алматы қаласының Олимпиадаға даярлау орталығы, 1200 адамға арналған Алатау ауданының ХҚКО, 700 адамға арналған емхана, Қазпошта бөлімшесі, супермаркет, тұрмыстық ателье мен аяқ-киім жөндеу пункті мен полиция бекеті болады», - дейді Б.Байбек.

Шаһар басшысы, жергілікті билік пен Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратурамен бірігіп, Универсиада кезінде халықтың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, келеңсіз жағдайлардың алдын алуда жұмыс істейтінін мәлімдеді.

«Ішкі істер департаментінің есебі бойынша, Универсиада қауіпсіздігін 6,5 мыңнан астам құқық қорғау органдарының қызметкері қамтамасыз етеді. Жергілікті бюджеттен, Ішкі істер департаментіне жарылғыш заттардың 15 қол детекторын алу үшін, 222 млн. теңге бөлінеді», - деп хабарлайды Б.Байбек.