Статистика агенттігінің экс-басшысы Анар Мешімбаева бостандыққа шықты - Жаңалықтар | BNews

Статистика агенттігінің экс-басшысы Анар Мешімбаева бостандыққа шықты

06 ақпан, 18:25 1029 Алматы облысы
Статистика агенттігінің экс-басшысы Анар Мешімбаева бостандыққа шықты

2014 жылы ол жеті жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Анар Мешімбаева мемлекет қаржысын ұрлағаны үшін Алматы облысындағы жалпы тәртіптегі түрмеде төрт жыл мерзімін өтеп шықты. Бұл мәліметті Алматы облыстық соты растады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Айыбын өтеу мерзімі 2013 жылдың 6 ақпанынан басталып, 2018 жылдың 5 ақпанында аяқталуы тиіс", - деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

2014 жылдың ақпан айында Анар Мешімбаева 2009 жылғы ұлттық халық санағы кезінде 700 млн теңгеден астам ақшаны жымқырып, өз қызметін асыра пайдалану арқылы мемлекетке 3 млн теңгеден астам шығын келтіргені үшін айыпталған болатын.

Сондай-ақ, сот айыпталушының мүлкін тәркілеп, алдағы бес жыл мөлшерінде мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салған. Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол 2015, 2016 және 2017 жылдары мерзімін өтеу барысында шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұраған еді. Алайда оның өтініштері қанағаттандырылған жоқ.

Еске сала кетейік, ҚР Статистика агенттігінің экс-басшысы Анар Мешімбаева 2013 жылдың ақпан айында ұсталды. Ол халықаралық Интерпол желісі бойынша іздеуде болды. Анар Мешімбаева халық санағын өткізу кезінде 758 млн ақшаны ұрлады және өз қызметін жеке басының қамына асыра пайдаланып, мемлекетке 3,5 млн теңге шығын келтірді деп айыпталған еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары