Степнагорда «Ғашықтар аллеясы» салынады - Жаңалықтар | BNews

Степнагорда «Ғашықтар аллеясы» салынады

14 қараша, 11:10 1026 Ақмола облысы
Степнагорда «Ғашықтар аллеясы» салынады

Абаттандыруға байланысты жаңа жоба – «Ғашықтар аллеясын» салуды «Нұр Отан» партиялық ұйымының жалпы қалалық кеңейтілген отырысында талқылады, деп хабарлайды BNews.kz.

Степнагор қаласының басшысы Әнуар Күмпекеев негізгі партиялық алаңда қалалық қоғам назарына «Ғашықтар аллеясын» салу бойынша жаңа жобаны ұсынды.

Жаңа аллея № 5, 7 және 4 тұрғын үйлер мен бұрынғы «Айгүл» кинотеатрының аралығында орналасады.

«Осы жылдың қыркүйек айында республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында вокзал маңындағы алаң қайта жөнделіп, атақты ғалым геолог Қаныш Сәтпаевқа ескерткіш орнатылған еді. Бұл жоба қала тұрғындары тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Біз мұнымен тоқтамай, абаттандыру мәселесін кезең-кезеңімен шешіп келеміз. Аллеяға таңдалған орын әдемі, әрі жасыл желекті», - деді қала әкімінің орынбасары Сағындық Шабаров.

Қала басшылығы дәстүрлі асфальт жолды жөндеу мен жол жиектерін жасаудан бөлек, ғашықтар серуендейтін жайлы орындар салуды ұсынды. Қала қонақтары мен тұрғындарына демалыс өткізу көңілге қонымды болуы үшін, бірнеше мүсін композициясын орнату жоспарда бар. Оның авторы Қаныш Сәтбаевтың мүсінін жасаған белгілі қалалық мүсінші Азат Баярлин болмақ. Ол жақын уақытта қала тұрғындарының назарына бірнеше эскизін ұсынады.

Қала әкімі Әнуар Күмпеевтің тапсырмасымен жақын күндері әлеуметтік желілер арқылы мүсін скульптурасының эскиздерін қала тұрғындары дауыс беру арқылы таңдай алады. Аталған мүсін скульптуралармен қала сайтында немесе желіде танысуға болады. Дауыс берудің қорытындысы бойынша, көп дауыс жинаған композиция қалалық құрылыс кеңесіне ұсынылады.

Жобаны 2018 жылы жүзеге асыру көзделіп отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: