Степногорда  гвардия әскері зейнеткерді өлім аузынан алып қалды - Жаңалықтар | BNews

Степногорда  гвардия әскері зейнеткерді өлім аузынан алып қалды

13 қараша, 10:51 901 Ақмола облысы
Степногорда  гвардия әскері зейнеткерді өлім аузынан алып қалды

Ақмола облысында зейнеткер әйел күйеуіне жәрдем беруді сұраған. Жас гвардияшы жігіт жуыну бөлмесінде ес-түссіз жатқан үлкен кісіге алғашқы медициналық көмек көрсеткен, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Ұлттық гвардиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық гвардияның әскери қызметкері Әнуар Рүстем үйінен шыққан кезде абыржып тұрған көрші әйелді көреді. Майра Үкібаева оны көре сала, көмек көрсетуді сұрайды.

«Гвардияшы үйге кірген кезде, зейнеткер ес-түссіз еденде жатқан. Аңсар оның тамыр қағысын тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кейін жедел жәрдем шақырған. Дер кезінде жасалған дұрыс іс-әрекеттің арқасында зейнеткер Аманжол Үкібаевтың өлім аузынан аман қалды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Аманжол Үкібаевтың отбасы гвардия қатарындағы Әнуар Рүстемге ризашылығын айтып, алғыс білдірді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар