Сүлейменов "Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысы кешігіп жатқанын айтты

12 маусым, 2018, 12:34 1703 Астана
Сүлейменов

Ұлттық экономика министрі құрылыс саласындағы бәсеңдеудің себебін атады.

Бүгін Үкіметтің кезекті отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов "Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысы кешігіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2018 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы құрылыс саласының серпіні біркелкі емес.

"Құрылыс саласы жыл бойы біркелкі емес серпінді көрсетіп отыр (2017 жылы қаңтар-маусым айларында – 5,9%, 2017 жылы қаңтар-тамыз айларында – 0,1%, 2018 жылы қаңтарда – (-14,9%), 2018 жылы қаңтар-наурыз айларында – 5,9%, ал 2018 жылы қаңтар-сәуір айларында – 2,1%). Құрылыс саласының өсу серпіні 1-тоқсанда 5,9% дейін ұлғайып, қаңтар-мамырдың қорытындылары бойынша 0,3% нөлдік мәнге қарай жақындады", - деді Тимур Сүлейменов.

Сүлейменовтің ақпаратына сүйенсек, Астанадағы "Абу-Даби Плаза" көп функциялы кешенінің құрылыс қарқыны артта қалып жатыр.

"Құрылыс саласындағы бәсеңдеу Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту бойынша, магистральді құбырлар мен өнеркәсіптік объектілердің, сондай-ақ "Абу – Даби Плаза" көп функциялық кешеннің құрысы бойынша жұмыстардың төмендеуімен байланысты", - деді министр.

Ал, ауыл шаруашылығы саласының көрсеткіші өзгеріссіз қалып, 3,9%-ды көрсетті.

"Ауыл шаруашылығы көлемдері өзгеріссіз қалды және 3,9% жағымды деңгейде сақталды. Ұлғаю мал шаруашылығы өнімдерінің 4,0% орнықты өсуіне негізделеді", - деді ведомство басшысы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: