Сұлтанов Астанадағы барлық газ толтыру станциясын тексеруді тапсырды

04 қаңтар, 2019, 12:28 3591
Сұлтанов Астанадағы барлық газ толтыру станциясын тексеруді тапсырды

Мұндай тапсырманы қала әкімі Магнитогорсктегі төтенше оқиғадан, сондай-ақ газды пайдалану салдарынан елордада болған екі оқиғадан кейін беріп отыр.

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов ТЖ департаментіне қаладағы барлық газ толтыру станцияларын тексеруді тапсырды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  

"Әріптестер, 31 желтоқсанда Магнитогор қаласында 10 қабатты тұрғын үйде газбаллоны жарылғанын білесіздер. Адамдар қайтыс болды. Осындай жағдайдың алдын алу мақсатында ТЖД-да, индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментіне аталған жағдайларға байланысты тексеріс жүргізіп, қаладағы барлық газ құю станцияларын тексеруді тапсырамын. Оның нәтижесі бойынша маған есеп беретін боласыздар",– деді Бақыт Сұлтанов.  

Бақыт Сұлтанов қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовке тексерісті тікелей өз бақылауына алуды тапсырды.

Еске сала кетейік, 2 қаңтарда кешке Ақжол көшесі, 26 мекенжайы бойынша орналасқан жеке газ толтыру станциясы аумағында сыйымдылығы 5 текше метрді құрайтын цистерна өртенген болатын. Осының салдарынан станция маңындағы қойманың шатыры бүлініп, жатақхана терезелері сынған.

Сонымен қатар, 26 желтоқсанда қаладағы тұрғын үйлердің бірінде газгольдер жанған болатын.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Бақыт Сұлтанов #төтенше оқиға

Читайте также

Похожие новости