Сұлтанов пен Мырзалин ашылған бесінші "Aqmol" дүкеніне барды

29 қараша, 2018, 10:13 1157 Астана
Сұлтанов пен Мырзалин ашылған бесінші

2019 жылы Астанада "Aqmol" брендімен тағы да екі дүкенді ашу жоспарда бар.  

Астанада бесінші "Aqmol" дүкені ашылды, ол Сарайшық көшесі, 5/4 мекенжайы бойынша орналасқан. Дүкеннің ашылуына Астана әкімі Бақыт Сұлтанов пен Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин қатысты, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайты сілтеме жасап.

"Бұл дүкен – әмбебап тәжірибе. Осындай әрбір дүкендегі ассортименттің 28% Ақмола облысының тауар өндірушілеріне тиесілі. Дәлірек айтқанда, бұл – өнімдерді делдалсыз, тікелей тұтынушыға, нарыққа жеткізу. Ақмолалық өнімдердің бағасы да басқа дүкендердегі бағаларға қарағанда әлдеқайда төмен. Бұл, біздің қалалықтар үшін де, тауар өндірушілерге де тиімді", - деді Бақыт Сұлтанов.

Қазіргі таңда "Aqmol" дүкеніне өзінің тауарын жеткізіп тұратын 118 фирма бар.

"Бұл сауда нүктелері тікелей тауар өндіруші компаниялармен жұмыс жасайды. Мұнда сиыр етінің бір келісін 1410 теңгеге (қабырға) сатып алуға болады. Ал басқа дүкендерде оның бағасы 1650 теңгені құрайды", - деді "Aqmol" СҮ ЖШС коммерциялық директоры Данияр Есматов.

Оның айтуынша, осы жерден 3,5 мың атаулы өнімді сатып алуға болады. Оның 800-і – Ақмола облысында өндіріледі.

Дүкен сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді.

2019 жылы Астанада "Aqmol" брендімен тағы да екі дүкенді ашу жоспарда бар.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар