Тағы бір отандасымыз ғарышқа ұшуы мүмкін - Жаңалықтар | BNews

Тағы бір отандасымыз ғарышқа ұшуы мүмкін

07 желтоқсан, 11:05 1646 Қазақстан жаңалықтары
Тағы бір отандасымыз ғарышқа ұшуы мүмкін

Ресейліктер әзірлеп жатқан ғарыш кемесіндегі бір орын жерлесіміздікі болуы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz «Диапазон» газетіне сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты ұшқыш-ғарышкер, «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Айымбетов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан Байқоңырда «Бәйтерек» жер үсті ғарыш кешенін тұрғызуда. Ресеймен бірлесе экологиялық таза отын «керосин-оттегімен» жабдықталған зымыран тасығыш салынады.

«Ресей бүгінде ғарыш кемесін жобалау жұмыстарымен айналысуда. Ол алты орынды болуы мүмкін. Экипаж құрамында бір Қазақстан ғарышкері болатыны анық. Мамандар бар, мұндай сәтті күтіп жүрген білікті азаматтарымыз көп», - деді Айдын Айымбетов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар