"Талдықорған–Текелі" магистралды газ құбыры желісінің құрылысы аяқталды

02 тамыз, 2018, 12:44 3263 Алматы облысы

 Газ құбырының құрылысы белгіленген мерзімінен ерте бітті.

Қазіргі кезде қаланың ішкі көшелеріне және жақын жатқан елді мекендерге газ құбырын тарту жұмыстары жүріп жатыр. Осы жұмыстардың барысымен облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов танысты, деп хабарлайды BNews.kz zhetysu.gov.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Текелі қаласының батыс жақ шетінде орналасқан жергілікті АГТС-та болды. Облыс әкімінің орынбасарына атқарылған жұмыстар туралы жоба басшысы Александр Петлин баяндап берді.  Жобаның құны бір жарым миллиард теңгеге жуықтайды. Текелі газ құбырының құрылысы барысында қалаға жақын орналасқан Шымыр, Байысов, Ешкіөлмес, Абай, Өрқусақ, Жетісу, Екпінді, Сырымбет ауылдарына да тартылды. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың қазан айында басталған болатын. Пайдалануға беру мерзімі биылғы жылдың қазан айына белгіленгенімен, жоспарланған мерзімнен үш ай бұрын аяқталды. Магистраль бойынша газ берудің жоспарлы қуаты сағатына 43,7 мың текше метр. Бұл Текелі қаласының тұрғын үйлері мен өндірістерін көгілдір отынмен қамтамасыз етуге үшін толық жеткілікті болмақ.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар