Талдықорғанда "Нұрлы жер" бағдарламасымен коттедж қалашығының құрылысы басталды

21 Февраля, 2018, 12:18 1877
Талдықорғанда "Нұрлы жер" бағдарламасымен коттедж қалашығының құрылысы басталды |  | BNews.kz

Аталған мемлекеттік бағдарлама аясында құрылысқа 2 млрд теңге бөлінген.

Биылғы жылы Алматы облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 251 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 1126 пәтер мен 27 нысанның инженерлік-коммуникациялық жүйесін жасау жоспарланған. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталов тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында жасаған баяндамасында облыс басшысы Талдықорған қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында коттедж қалашығы құрылысының пилоттық жобасы жүзеге асырыла бастағанына тоқталып өтті. Оған 2 млрд теңге бөлінген.

"Дегенмен облыс тұрғындарын баспанамен қамту көрсеткіші бір адамға шаққанда әзірге 18,5 шаршы метрден айналады. Мемлекет басшысы Жолдауында 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 30 шаршы метрге жеткізуді міндеттеп отыр. Ол үшін біз тиісті шараларды қабылдап, жыл сайын пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің көлемін 1 млн шаршы метрге жеткізетін боламыз", - деді А. Баталов.

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынатын барлығы 606 үй болса, соның 48 пәтерлік 12 үйі мен 124 коттеджі биыл салынбақ.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13853

Похожие новости