Талғат Ешенқұлов Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

13 наурыз, 2018, 18:49 1412
Талғат Ешенқұлов Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов уақытша Эльмира Амангелдіқызы Суханбердиеваның бала күтіміне байланысты демалысқа шығуына орай ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Премьер-министрдің ресми сайты.

Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

1999 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2000 жылы - "Қайнар" университетін, 2010 жылы - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Экономист, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, мемлекеттік және жергілікті басқару бағыты бойынша доктор (PhD) біліктілігіне ие. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлейді.

Еңбек жолын 1997 жылы Жамбыл облысының Тараз қаласындағы "Алма" АҚ-да бастаған, Жамбыл облысы Әділет басқармасында, Қаржы министрлігінде, Білім және ғылым министрлігінде, Жоғарғы Кеңесте, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде, ҚР Есеп комитетінде түрлі лауазымдарды атқарған.

Тағайындалғанға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #тағайындау #вице-министр #Білім және ғылым министрлігі

Читайте также

Похожие новости