Талғат Ешенқұлов Білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды

07 ақпан, 2019, 16:08 13191
Талғат Ешенқұлов Білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды

Осыған дейін ол ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Талғат Ешенқұлов ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Фейсбуктегі ресми парақшасында мәлім етілді.

Жарияланған мәліметке сәйкес, Талғат Ілиясұлы жоғары оқу және ғылым саласындағы мәселелермен айналысатын болады.

Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1999 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2000 жылы "Қайнар" университетін, 2010 жылы  ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Экономист, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, мемлекеттік және жергілікті басқару бағыты бойынша доктор (PhD) біліктілігіне ие. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі.

Ол еңбек жолын 1997 жылы Жамбыл облысының Тараз қаласындағы "Алма" АҚ-да бастаған, Жамбыл облыстық әділет басқармасында, Қаржы министрлігінде, Білім және ғылым министрлігінде, Жоғарғы кеңесте, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде, Есеп комитетінде түрлі лауазымдарды атқарған. Тағайындалғанға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана

Читайте также

Похожие новости