Тараз әуежайы уақытша жабылды - Жаңалықтар | BNews

Тараз әуежайы уақытша жабылды

27 желтоқсан, 12:41 1374 Астана
Тараз әуежайы уақытша жабылды

 Ауа райының қолайсыздығынан әуежай уақытша жабылған, деп хабарлайды BNews.kz

27 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 05:00 бастап, ауа-райының қолайсыздығынан Тараз қаласының әуежайы уақытша жабылды. Бұл туралы ҚР Азаматтық авиация комитетінің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланды.

«Қазіргі уақытта әуежайда қатты жел соғып, оның қуаты секундына 25 метрге дейін, кей уақытта секундына 28-30 метрге дейін жетіп тұр. Сонымен қатар ұшу-қону алаңын 5 мм-ге (ілінісу коэффициенті 0,29) дейін мұз шалған», - делінген комитет хабарламасында.

Ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен бірнеше ішкі рейстер кешігіп, кейінге шегерілді.
Жолаушыларға ұшуды жоспарлаған әуе компанияларының байланыс нөмірлеріне хабарласып, рейстердің жағдайын алдын-ала анықтап алу ұсынылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары