Таразда алғаш рет IT лицей-интернаты ашылды

16 қараша, 2018, 12:26 3108 Жамбыл облысы
Таразда алғаш рет IT лицей-интернаты ашылды

Әзірге онда 120 бала оқып жатыр.

Таразда алғаш рет дарынды балаларға арналған  IT лицей-интернаты ашылды, деп хабарлайды BNews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа білім ошағы "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында салынған. Мұнда арнайы тестілеуден өтіп, жоғары балл жинаған 7-8 сынып оқушылары білім алады.

"Мен болашақта қар тазалайтын машина ойлап тапқым келеді, бірақ бұл машинаны ойлап табу үшін көптеген программаларды білу қажет", - дейді 8-сынып оқушысы  Мейіржан Темірханов.

Әзірге 120 бала оқып жатыр. 2020 жылға дейін нысан кеңейтіліп, сыйымдылығын 300 орынға жеткізу жоспарлануда. Лицей-интернат барлық заманауи құрылғылармен және озық технологиялармен жабдықталған. Оқу нысанында 14 оқу және компьютер кабинеті, кітапхана, асхана, 30 балаға арналған жатақхана мен спортзалы бар. Қазір мұнда 25 ұстаз IT технологиялар аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ береді. 

"Ең үлкен басымдылық, бізде ағылшын тілімен қоса, IT саласын меңгеруге болады", - деді ІТ лицей-интернаты директорының міндетін атқарушы  Айдар Тұрабаев. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар