Таразда "Халықтық заңгер" республикалық акциясы өтті

04 желтоқсан, 2018, 12:42 1704 Жамбыл облысы
Таразда

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек ұсыну болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен "Халықтық заңгер" республикалық акциясы өтті, деп хабарлады "ZhambylNews".

Аталған шара еліміздің 19 ірі қаласында алғаш рет бір күнде, бір уақытта ұйымдастырылды. Нәтижесінде, 1000-ға жуық сарапшы, атап айтқанда Қазақстан Республикасының үздік адвокаттары мен заңгерлері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері халыққа заңгерлік көмек көрсетті.

Атап өту керек, биыл "Халықтық заңгер" акциясы елімізде ғана емес, әлемде теңдесі жоқ жаңа форматта өткізіліп жатқандықтан, "Халыққа бір мезгілде тегін құқықтық кеңес беру" номинациясы бойынша “Гиннестің рекордтар кітабына” еңгізуге өтініш берілді.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек ұсыну болып табылады.

Аталған шара барысында Жамбыл облысының 500-ден астам азаматына сот, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі, полиция, әділет, мемлекеттік кірістер, мемлекеттік қызмет істері саласындағы және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, сонымен қатар адвокаттар, нотариустар, медиаторлармен құқықтық көмек көрсетілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар