Таразда қатты жел бес қабатты үйдің шатырын жұлып кетті - Жаңалықтар | BNews

Таразда қатты жел бес қабатты үйдің шатырын жұлып кетті

25 сәуір, 09:52 1696 Жамбыл облысы
Таразда қатты жел бес қабатты үйдің шатырын жұлып кетті

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Таразда қатты соққан желдің салдарынан көп қабатты үйдің шатыры құлады, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Таразда 24 сәуір күні сағат 19.10-да қатты соққан желдің (екпіні 25 м/с) салдарынан Сүлейменов көшесінде орналасқан №20 бес қабатты тұрғын үйдің (үйдің жалпы ауданы 1000 кв.м.) 30 кв.м. ауданындағы шатыры құлады", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

ТЖК анықтағандай, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары