Таразда шұғыл қонған ұшақтың себептері туралы әуекомпания өкілдері түсініктеме берді - Жаңалықтар | BNews

Таразда шұғыл қонған ұшақтың себептері туралы әуекомпания өкілдері түсініктеме берді

20 ақпан, 11:40 675
 Таразда шұғыл қонған ұшақтың себептері туралы әуекомпания өкілдері түсініктеме берді

Ұшақтағы өрт туралы ақпарат расталған жоқ.

Алматы-Атырау бағыты бойынша ұшқан Bek Air әуекомпаниясының ұшағы Таразда шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады Zakon.kz.

Bek Air әуекомпаниясының бас директоры Сырым Омаржановтың мәлімдеуінше, 2105 рейсты ұшақ Алматыдан Атырауға қарай бет алған. Ұшу барысында ұшақ салонының қысым көтеру көрсеткіші жоғалып кеткен.

"Командир сәл төмендеп ұша алатын еді, алайда Атырауға дейін алыс болғасын ол Таразда қонуға шешім қабылдаған. Қазір Алматы әуежайынан қосымша борт шықты, Тараздағы барлық жолаушылар Атырауға жөнелтіліп, рейс соңына дейін орындалады. Қалған егжей-тегжейлі ақпарат анықталуда", - деп мәлімдеді Омаржанов.

Интернетте тарап кеткен ұшақ ішіндегі өрт туралы ақпаратты әуе компаниясының бас директоры жоққа шығарды.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары