Татарстанда полицияның экс-басшысы қазақстандықты ұрлағаны үшін сотталды - Жаңалықтар | BNews

Татарстанда полицияның экс-басшысы қазақстандықты ұрлағаны үшін сотталды

06 желтоқсан, 12:49 1174
Татарстанда полицияның экс-басшысы қазақстандықты ұрлағаны үшін сотталды

Ресейде полицияның бұрынғы басшысын бопсалаушылық әрекеті үшін соттады, деп хабарлайды BNews.kz ресейлік «Бизнес Online» басылымына сілтеме жасап.

Мәскеу соты кеше Қазан полициясының бұрынғы басшысы Руслан Халимдаровты 10 жыл алты айға соттады. Оны есірткі контрабандасын ұйымдастырды деген қылмыстық істі қолдан жасау үшін адам ұрлады деп айыптады. Халимдаровтың қарамағындағы үш адам 8 жылдан 9 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.

Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкиннің бұйрығымен істі қарау Мәскеу сотына тапсырылған. Ол Қазан сотының әділетті үкім шығаратынына күдіктенген.

Тергеу ісінің мәліметі бойынша, Руслан Халимдаров 2005 жылы қарамағындағылармен бірге Қостанайдан ер азаматты ұрлап әкетіп, оған есірткі саудасымен айналысты деген жалған айып таққан және 13 жылға бас бостандығынан айырған.

Полиция қызметкерлері тек 2013 жылы ғана ұсталған. Алдымен оны қызметін асыра пайдаланды деп айыптады. Тек іс Тергеу комитетінің орталық аппаратына берілгеннен кейін ғана, адам ұрлау фактісі бойынша іс қозғалған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары