Тәуелсіздік күні екібастұздық балалар сыйлыққа коньки алып, қуанышқа кенелді

18 желтоқсан, 2018, 15:57 1772
Тәуелсіздік күні екібастұздық балалар сыйлыққа коньки алып, қуанышқа кенелді

Екібастұз қаласында аз қамтылған отбасылар мен жетім балалар үшін "Коньки сыйла!" акциясы өтті.

Тәуелсіздік күні Екібастұз қаласында оннан астам бала сыйлыққа коньки алып, қуанышқа кенелді, деп хабарлайды BNews.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шахтер" қалалық мәдениет және демалыс саябағында Қазақстанның Тәуелсіздік күні мұз айдынында аз қамтылған отбасылар мен жетім балалар үшін "Коньки сыйла!" акциясы өтті", - делінген хабарламада.

Акцияға Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов пен спортқа тікелей қатысы бар қалалық мәслихаттың депутаттары – палуан, "Павлодар Барысы" атағының иегері Әділет Нұрпейісов, сондай-ақ "Екібастұз" футбол клубының директоры Мирхат Мұсанап қатысты. Бұл күні жалпы саны 12 бала коньки сыйға тартылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Павлодар облысы #Тәуелсіздік күні #сыйлық #балалар

Читайте также

Похожие новости