Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодарда олимпиадалық талаптарға сәйкес бассейн ашылды

13 желтоқсан, 2018, 10:54 1761 Павлодар облысы
Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодарда олимпиадалық талаптарға сәйкес бассейн ашылды

Жүзеге асқан жобаның жалпы құны 2,7 млрд теңгені құрады

Аймақтағы алғашқы 50 метрлік бассейн мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктің аясында салынды, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.

“Ertis Olimpyc” атына ие болған олимпиадалық бассейн барлық халықаралық стандарттарға сай келеді, сол себепті бұл жерде жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге болады. Көрермендер үшін 300 орындық трибуна мен кафетерий қарастырылған.

"Біздің облыста 5000-нан астам адам жүзумен айналысады, ал 80 спортшы Қазақстанның ұлттық құрамасына кіреді. Осы сияқты спорттық объектілер халықаралық аренада жоғары нәтижеге жетудің игі бастамасы болады деп сенемін",- деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. 

"ГСУ "Курылыс" ЖШС жүзеге асырған жобаның жалпы құны 2,7 млрд теңгені құрады. Басейннің құрылысы толықтай бюджеттен тыс қаражаттың есебінен қаржыландырылды. Оған ERG корпорациясы, KAZ Minerals компаниясы және "Павлодарэнерго" АҚ көмектесті.

"Мен 25 жыл бойы Павлодар облысында тұрамын және осында орын алып жатқан өзгерістер мені таң қалдырады. Бұл бассейн еліміздің дамуының айқын көрінісі. Ел дамудың дұрыс бағытын ұстанатын болса, спорт міндетті түрде дамиды", - деді директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

Лентаны кесу мен жаңа спорттық объектіні ашу құрметі жүзу секциясына бірінші жазылған 4 жас спортшыға берілді. Ашылу салтанатынан кейін бассейнде балалар мен жасөспірімдер спорттық жүзу мектебінің спортшылары бірнеше рет жүзіп шықты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар