Тәуелсіздік жылдары ішінде Ақтөбе облысында 146 елді мекеннің ежелгі атаулары қайтарылды - Жаңалықтар | BNews

Тәуелсіздік жылдары ішінде Ақтөбе облысында 146 елді мекеннің ежелгі атаулары қайтарылды

25 шілде, 16:47 1649 Ақтөбе облысы
Тәуелсіздік жылдары ішінде Ақтөбе облысында 146 елді мекеннің ежелгі атаулары қайтарылды

Олардың қатарында Қарабұлақ, Көкпекті, Қаратоғай, Құмсай, Бөзтөбе, Ақжайық сияқты атаулар бар.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Ақтөбе облысында 146 елді мекеннің ежелгі атаулары қайтарылды. Олардың қатарында Қарабұлақ, Көкпекті, Қаратоғай, Құмсай, Бөзтөбе, Ақжайық сияқты атаулар бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Республиканың белгілі саясаткерлерінің, жергілікті белсенділердің, өлкетанушылар мен тұрғындардың қатысуымен "Туған жер" жобасы аясында Мәртөк, Қобда, Қарғалы және Әйтеке би аудандарында "Ономастика: ұлттық танымға бетбұрыс" тақырыбына іс-шаралар жүргізілуде.

"Жоба қазақ халқының мұрасын сақтау идеяларын талқылауды, ономастика саласындағы тіл саясатын түсіндіруді көздейді, сол сияқты, идеологиялық жағынан ескірген атауларға анықтамаға беруге мүмкіндік береді", - деп атап өтті спикер.

Гүлайым Төлебаеваның айтуынша, облыстың топономиялық сөздігі жүргізілетін "Мекенжай тізілімі" ақпараттық жүйесінде облыстық маңыздағы 1 қала, аудандық маңыздағы 7 қала, 141 ауылдық округ, 393 елді мекен, 2912 көше тіркелген. Осылайша, ауылдық округтер атауларының 95%, елді мекендер атауларының 93%, көшелердің 91%-ы ұлттық сәйкестікке жауап береді. Ескірген атаулардың үлестік салмағы 2-ден 4,5%-ға дейін ауытқиды. Тәуелсіздің жылдары 146 елді мекеннің ежелгі атаулары қайтарылды, әсіресе, ұлттық дәстүрлі атаулар (Қарабұлақ, Көкпекті, Қаратоғай, Құмсай, Аққайын, Бөзтөбе, Ақжайық, Сарыбұлақ тағы сол сияқты) саны артты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: