Тәуелсіздікке тарту: Шымкентте ашық ойын алаңшалары ел игілігіне берілді

16 желтоқсан, 2018, 14:27 2356 Шымкент
Тәуелсіздікке тарту: Шымкентте ашық ойын алаңшалары ел игілігіне берілді

Қала әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтап, осынау қастерлі күннің маңызына тоқталды. 

Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесіне орай  балаларға арналған спорттық  ойын алаңшалары ашылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Салтанатты шарға қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тұрғындарды мерекемен құттықтап, осынау қастерлі күннің маңызына тоқталды. 

"Жаңа нысанның алғашқысы Гагарин көшесінде орналасқан. N141, 141a көп қабатты тұрғын үйлердің ауласы абаттандырылып, жаңа кейіпке енді. Аталған тұрғын үйлердің ауласында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған жаттығу алаңшасы мен балалар ойын алаңы пайдалануға беріліп отыр. Құрлысты "Айсана-Пирман" ЖШС жүргізген", - делінген хабарламада. 

Екінші мерекелік тарту "Нұрсәт" шағынаудандағы көп қабатты тұрғын үйлердің ауласында салтанатты түрде ашылды. Шара барысында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов балғындарға сыйлықтар табыстады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар