Тегін дәрі-дәрмек бойынша байланыс орталығының қысқа нөмірі іске қосылды

09 қараша, 2018, 17:23 3337 Астана
Тегін дәрі-дәрмек бойынша байланыс орталығының қысқа нөмірі іске қосылды

Халықты тегін дәрілермен қамтамасыз ету мәселелері бойынша емделушілерге ыңғайлы болу үшін байланыс орталығында 1439 бірыңғай қысқа нөмірі іске қосылды.

Бірыңғай дистрибьютордың сайтында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды анықтаманы іске қосу жоспарлануда, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Халықты тегін дәрілермен қамтамасыз ету мәселелері бойынша емделушілерге ыңғайлы болу үшін байланыс орталығында 1439 бірыңғай қысқа нөмірі іске қосылды. Енді Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі емделушілер кез-келген қалалық телефоннан 1439 қысқа нөміріне тегін қоңырау шала алады. Байланыс орталығының операторлары диспансерлік тіркеуде тұрған және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаторлық емді алатын емделушілерге тегін босатылатын қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімдері, көлемдері мен жоспарланған күні туралы ақпаратты береді. Бірыңғай дистрибьютор "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, байланыс орталығының қысқа нөмірін іске қосу – бұл денсаулық сақтауды цифрландыру шеңберінде компания жүзеге асырып отырған бірнеше жобалардың бірі.

Тағы бір жоба, дәрілерді жеткізу туралы емделушілерді хабардар ету үшін жоспарланған.  Бұл емханаларда тегін дәрілердің болуы туралы бірыңғай электронды анықтама алуға мүмкіндік береді. 

"Анықтама емделушілердің өздеріне онлайн режимде дәрілік қамтамасыз ету бойынша барлық деректерді: қандай дәрі-дәрмектерге медициналық ұйым өтінім орналастырды, онда қашан және қандай көлемде дәрілер түсті, қазіргі кезде олардың болуын, сондай-ақ дәрілердің келесі жеткізу мерзімін көруге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Берік Шәріп.

Жобаны бірыңғай дистрибьютордың сайтында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосу жоспарлануда.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар