Техастық шабуылшы психиатриялық ауруханадан қашып шыққан - Жаңалықтар | BNews

Техастық шабуылшы психиатриялық ауруханадан қашып шыққан

08 қараша, 14:57 1856
Техастық шабуылшы психиатриялық ауруханадан қашып шыққан

Техаста 27 адамды атып өлтірген қылмыскердің 2012 жылы психиатриялық ауруханадан қашып кеткені белгілі болды, деп хабарлады Baq.kz. Бұл туралы Houston TV-ге сілтеме жасап The Associated Press ақпарат агенттігі жазды. 

Девин Келли отбасылық жанжал кезінде баласы мен әйелін ұрып-соғып, өгей баласының басын жарған. Осыдан кейін ол Нью-Мексикодағы психиатриялық ауруханаға мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілген.

Телеарнаның мәліметінше, 2012 жылы Келли емдеу мекемесінен қашып шығып, Эль-Пасоға ұшып кеткені анықталыпты.

Айта кетейік, 5 қарашада АҚШ-тың Техас штатындағы Сазерленд-Спрингс қаласында орналасқан баптистік шіркеуде белгісіз азаматтың тұрғындарға оқ жаудырғанын хабарлағанбыз. Шабуыл салдарынан 27 адам көз жұмып, 30-ға жуық тұрғын жараланған.

Девин Келли АҚШ-тың әскери-әуе күштерінде қызмет еткен. 2010 жылдан бастап Нью-Мексикодағы Холломан әуе базасының тылында жауынгерлерді дайындаған.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Техас қоғамдық қауіпсіздік департаментінің өкілі Фриман Мартиннің хабарлауына қарағанда, қылмыскер бұл әрекетке отбасындағы кикілжің салдарынан барған болуы мүмкін.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары