Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына орай Жүргенов оқулары өтті

Написать нам
18 қазан, 2018, 10:03 2525 Қызылорда облысы
Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына орай Жүргенов оқулары  өтті

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет және өнерді дамыту орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 120 жылдығына орай «Алып өнердің асыл нары – Темірбек Жүргенов» атты 9-10 сынып оқушылары арасында Жүргенов оқулары облыстық байқауы өтті

Байқауға Қызылорда қаласынан және аудандардан 10-нан астам өнерпаз қатысты. Облыстық байқаудың алғы сөзін ашқан аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов:

- Бүгін 120 жылдығы аталып жатқан Темірбек Жүргенов есімі тек қана қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім. Ол Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Саналы ғұмырын мемлекетіміздің өркендеуіне, туған жеріміздің көркеюіне арнаған тұлғаларды өскелең ұрпақ білу қажет. Ал, аға буынға құрмет көрсету бүгінгі мына біздердің алдымызда тұрған міндет десек те болады – дей келе, қолына қалам ұстап, сөз өнерін серік еткен жас өрендерге сәттілік тіледі.

Сайысқа Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Сәби Аңсат бастаған қазылар алқасы төрелік етті.

Сайыс нәтижесінде жалағаштық Нұрай Тыныштықбай бас жүлдені иеленсе, қармақшылық Бекзат Төлепберген І орынға ие болды. Ал қазалылық Дінберген Көркем мен шиелілік Ақжарқын Ахметжан ІІ, ІІІ орындарды өзара бөлісті.

Жарыс жеңімпаздарына арнайы дипломдар, қаржылай сыйлықтар табысталды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!