Тен, Полторанин, Галышева – Мұхамедиұлы Олимпиададан үміт күттіретін спортшылар есімін атады - Жаңалықтар | BNews

Тен, Полторанин, Галышева – Мұхамедиұлы Олимпиададан үміт күттіретін спортшылар есімін атады

30 қаңтар, 16:50 947 Астана
Тен, Полторанин, Галышева – Мұхамедиұлы Олимпиададан үміт күттіретін спортшылар есімін атады

Олардың бәрі қазақстандық спорт мектебінің тәрбиеленушілері.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Олимпиадаға қатысты болжамын айтып, үміт күттіретін спортшылардың есімдерін атады. 

"Денис Теннің бабы өте жақсы, ол керемет өнер көрсетуді межелеп отыр. Бізде жоғары нәтиже көрсете алатын көптеген спортшылар бар. Олар – Галышева,  Полторанин, Рейгхарт, Тен", - деді Мұхамедиұлы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Олимпиадаға аттанған спортшыларға сәттілік тілеген еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары